Көктемдегі бет күтімі

Көктем мезгілі де келді.

Ал көктем мезгілінде күннің шуақ шашып тұрғаны бәріне де ұнайды. Алайда уль-тракүлгін сәулелер теріге айтарлықтай зиян келтіреді.

Көктемде күн сәулесін артық қабылдау көп жағдайда теріні күйдіріп, құрғатып, оның қартаюына, тіпті теріде ісіктің пайда болуына әкеліп соқтырады. Осы секілді жағымсыздықтарды болдырмау үшін сыртқа шығар алдында міндетті түрде күннен қорғайтын крем жағыңыз. Күннен қорғайтын крем таңдау барысында оның әсері-не мән беріңіз.

Аралас және майлы тері иелерінің терісі көктемде ерекше жылтырап, терідегі ұсақ тесіктер айқын білінеді. Алайда бұл теріге ылғалдандыру қажет емес деген сөз емес. Күтім жасайтын құралдарыңыздың қатарынан құрамында спирті бар тониктер мен майлы кремдерді, сабын мен теріні қабыршақтандыратын заттарды алып тас-таңыз. Майлы теріге жылтырауға қарсы әсері бар рең беретін крем мен опа жаққан дұрыс.

Мұндай құралдар теріге керемет тегістік беріп, кемшіліктерді жасырады. Құрғақ тері көктемде көмескі, күңгірт тартып, одан әрі құрғап, қолайсыздықты қатты сезінеді. Мұндай жайсыздықтан бетке арналған күтім ғана емес, көп мөлшерде ішілген су, табиғи жеміс пен көкөніс шырындары да құтқарады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521