Көктемгі әскерге шақырту науқаны басталды

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының отырысы аудандық әкімдікте мерейлі мереке қарсаңында өткізілді.

2017 жылғы әскерге шақырту, биылғы нау-қандық жұмыстарға дайындық және ұйымдас-тыру мәселелері жөнінде баяндама жасаған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор Ермек Джазбаев кеңеске қатысушыларды қажетті деректермен ақпараттандырды. Мәлімет бойынша аудандық қорғаныс бөлімінің және ауылдық округтердің атсалысуымен аудан бойынша 368 шақырылушыға шақырту құжаты табыс етіліпті. Оның ішінде кейінге қалдырылғаны – 48, әскерге жіберілгендер 51 адамды құраған.

– Бұл тізімнен тыс жігіттер жарамсыз деген сөз емес. Өмір болғасын бірі жоғары оқу орнындағы оқуына байланысты уақытша әскерден босатылса, енді бірі қазіргі заңнамаға сәйкес отбасын құрған жағдайда өз қалауына сай әскерге шақырылмайды. Соған қарамастан ауданымызға бөлінген жүктемелер орындалуда,-деді Ермек Джазбаев.

Бұл мәселеге байланысты өз ойын білдірген өңір басшысы: – Қазіргі кезде ішкі істер саласында бос жұмыс орындары өте көп. Еліміздің Қарулы Күштері қатарында өздерінің әскерлік борыштарын өтеп келген жастарымызды абыройлы ішкі істер бөлімдеріне қызметке орналастырсақ, соған қоғам болып атсалыссақ, пайдалырақ болар еді,-деді.

Шара соңында аудан әкімінің атынан 2017 жылғы күзгі әскерге шақыру кезінде белсенділік танытқан аудандық аурухананың кіші медициналық қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары марапатталса, қорғаныс бөлімінің атынан майор Ермек Джазбаев осы салаға жауапты ауылдық округтер әкімдіктеріндегі мамандарды құттықтап, Алғыс хаттар табыс етті.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521