2018 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы Исатай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты көрсеткіштері:
ӨНДІРІС
Ауданымыздағы өндірілген өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 98,1% құрады. Өткен уақыт ішінде 754,5 мың тонна мұнай өндірілді. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі аудан бойынша 121,9 млрд. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында ет, сүт өндіруде және мал басы санында алдыңғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда, өсуі байқалады. Биылғы жылдың 1 қыркүйегімен өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, мүйізді ірі қара 0,7%, қой-ешкі 0,1%, жылқы 2,8% және түйе 4,4% өсті. Ауданның барлық шаруашылық санаттары бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ет өндіру 1,0%, және сүт 1,0% артты.
НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ
Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 10751 млн. теңге, құрылыс жұмыстарының көлемі 1740 млн. теңгені құрады. Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 13643 шаршы метр,оның ішінде халық қаражаты есебінен 13643 шаршы метрді құрады.
САУДА
Жылдың қаңтар-тамызға дейінгі бөлшек сауда көлемі 770,1 млн. теңгені құрады.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
Жыл басынан (жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметі бойынша) ағымдағы жылдың 1 қыркүйекке дейін 868 адамды құрады. Сегіз айда 950 адам жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 474 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 390 адам тұрақты жұмысқа алынса, 26 адам әлеуметтік жұмысқа және 60 адам «Жастар тәжірибесіне» тартылды. 71 адам кәсіби мамандық алу үшін оқуға жіберілді.
Кенжебай АБДУЛЛИН,
аудандық статистика басқармасының басшысы