Қайрат Оразбаев қаладағы электр желілері бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарларын баяндады

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев өзінің Facebook парақшасында қала аумағындағы электр желілерін қайта жасақтау, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы айтты.

«Құрметті қала тұрғындары! Қала аумағындағы электр желілерінің жақсы сапасы, олардың ауа райының факторларына төтеп беру қабілеті, үйдегі тұрмыстық техниканың сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуі – қала тұрғындарын алаңдатқан маңызды мәселелердің бірі. Электр желісімен қамту жайы тек Атырауда емес, барлық қалаларға да тән жағдай.

Алайда, мен өзімізде қалыптасып отырған жағдайдың мән-жайын түсіндіру үшін атқарылған жұмысты және меншік түріне қарамастан (қала меншігі, тұрғындарға тиесілі ірі тұрғын үй кешендері немесе ірі кәсіпорындар теңгерімі) шаһардағы желілерді жаңғырту мақсатында қабылданған міндеттер және алдағы жоспарлармен таныстыруды жөн санаймын.

«Береке» шағынауданы: Қазір мұнда қуаты 16 МВт болатын 110/10 киловаттық жаңа қосалқы станцияның құрылысы аяқталды. Бұл станция 30-дан астам тұрғын үйді, 1200 орындық жаңа мектепті, салынып жатқан әрқайсысы 290 орындық екі балабақшаны электр қуатымен қамтиды. Қалалық құрылыс бөлімі тапсырыс берген нысанды монтаждау жұмысының құны келісім-шарт бойынша – 2 млрд. 608 378 теңге».

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521