Қайнарлықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көгалдандыру жұмыстарын жүргізді

 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, алдағы бес жыл ішінде орман қоры жерінде 2 миллиард, ал елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу тапсырмасын іске асыру мақсатында және өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаның сапасын арттыру бағытында 2021 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ мен Атырау облысы әкімдігі арасында көгалдандыру жөнінде Меморандумға қол қойылған болатын.

2024 жылы аталған Меморандумға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Қызылқоға ауданы аумағында 2025–2030 жылдар аралығында 20 гектар жер телімінде көгалдандыру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Осы міндет аясында 2025 жылы «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы Қызылқоға ауданы аумағында 3 гектар жерді қоршап, көгалдандыру жұмыстарын бастады.

Ағымдағы жылдың 18 қазан күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде көрсетілген жер теліміне тамшылатып суару әдісі арқылы 100 түп үйеңкі (клен) ағашының жас көшеттері отырғызылды. Шараға «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-нің 50-ден астам қызметкері қатысып, табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосты.

Ағаш отырғызу акциясы аудан тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ келешек ұрпаққа жасыл әрі таза орта қалдыруға бағытталған. Осы экологиялық бастама аясында қазан және қараша айлары бойы жалпы 2400 түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT