Қайыршақты ауылдық округін қандай өзгерістер күтіп тұр?

 

"Атырау" газетінің журналистері Атырау қаласының іргесінде орналасқан Қайыршақты ауылдық округіне арнайы барып, өңірдің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

Ауыл шаруашылығы әлеуеті жоғары бұл округте даму мүмкіндіктерімен қатар, шешімін күткен мәселелер де бар. Округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, инфрақұрылымдық жобалар, халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін шешімдер мен басқарудағы жауапкершілік туралы Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Рафхат Жолдиев кеңінен әңгімелеп берді. Сұхбат барысында округте жүзеге асырылып жатқан өзгерістер, тұрғындармен кері байланыстың қалай жолға қойылғаны, сондай-ақ төртінші деңгейлі бюджеттің нақты қандай мүмкіндіктер бергені сөз болды. Жергілікті бастамаларды қолдау, әлеуметтік мәселелерді шешу және ауыл инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар да назардан тыс қалмады. Қайыршақты округінде халықтың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, нақты нәтижеге бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Бұл ауылдың тұрақты дамуына және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал етуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT