«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті

Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті.

Форум аясында Әскери-тарихи мұражайда ҚХА-ның «Жомарт жан» республикалық орталығының Республика күніне арналған отырысы өтті.

«Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы 1 наурызда Алғыс айту күні аясында басталды. Қазақстанның барлық өңірлерінен волонтерлер мен қайырымды жандар жиналды. Акция аясында ерекше назар аударылған «Жүректен жүрекке» және «Мектепке жол» сияқты көптеген экологиялық, волонтерлік және қайырымдылық іс-шаралар өткізілді.

 

Форумда «Қайырымдылық керуені» акциясына қатысушыларды қайырымдылыққа қосқан елеулі үлесі үшін «Жомарт жан» ҚХА құрмет белгісімен марапаттау рәсімі өтті. Меценаттар, волонтерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері марапаттарға ие болды. Іс-шарада ерекше қажеттіліктері бар балалардың өнер көрсетіп, көпшілік ықыласына бөленді. Аталмыш форум тәжірибе алмасудың және қайырымдылық көрсетудің ең озық үлгісін ұсынатын алаң ғана емес, сонымен қатар бірлік пен өзара көмек қоғамды біріктіре алатынының жарқын мысалы болды.   

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521