Махамбет ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов қаланың санитарлық тазалығын сақтау және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту мәселесіне қатысты жиналыс өткізді. Басқосуда тазалық мәдениетін қалыптастыру, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, сонымен қатар рейдтік шараларды тұрақты түрде ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жауапты мекемелер мен бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді. Алдымен көшелерді тазалау жұмыстарын күшейтіп, аулалар мен қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді.
Жиында аудан әкімі тапсырмалардың орындалу барысын бақылауында ұстайтынын жеткізді. Қандай да бір кемшіліктер анықталған жағдайда жедел шара қабылдауды да тапсырды.
А.Мейрамбайқызы



