Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Оның мақсаты - бұзушылықтардың уақытылы жолын кесу және жол бермеу, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын мемлекеттік аудит объектісіне беру және мемлекеттік аудит нысандарына әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.
Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалғанға дейін жүргізіледі. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны ресімдейді, мемлекеттік аудит объектілеріне жібереді және веб-порталда автоматты түрде тіркейді.
Хабарлама бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде веб-портал арқылы мемлекеттік аудит объектісіне жіберіледі.
Осы жылдың өткен кезеңінде департамент Атырау облысы Исатай ауданында барлығы 4 камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар белгіленген мерзімде орындалмаған. Кодекстің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес, 4 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, барлығы 207,0 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, толықтай бюджетке өндірілді.
Жалғас БУКАЕВ,
Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары