Кампус-тур – Оңтүстік Кореяда

Votes

Күзгі демалыс Атыраудағы NIS оқушылары үшін ұмытылмас саяхат пен білім алу тәжірибесіне толы болды. Кампус-тур аясында олар Оңтүстік Кореяға барып, бұл елдің жоғары білім жүйесімен танысып, ең ірі университеттерін көріп, сонымен қатар осы динамикалық аймақтың мәдениеті мен дәстүрлеріне бойлады.

Сапардың басты мақсаты – Оңтүстік Кореяның үздік университеттерін аралау, елдің білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысу, сондай-ақ елдің мәдени және тарихи ескерткіштерін зерттеу. Жалпы алғанда, НЗМ-нің әр түрлі мектептерінен 38 оқушы қатысқан сапар үш ірі қаланы қамтыған еді. Олар: Сеул, Пусан және Ульсан.

Кампус-тур барысында оқушылар Оңтүстік Кореяның төмендегідей ең беделді бес университетін аралады, олардың әрқайсысы өңірдегі ғылым мен технологияның маңызды орталығы болып табылады:

Cha University
UNIST (Ulsan National Institute of Science and Technology)
Pusan National University
Yonsei University
Seoul National University

Бұл университеттер білім беру мен ғылым саласында көшбасшы ретінде танылған, инженерия, информатика, медицина және әлеуметтік ғылымдар салаларында жоғары сапалы білім беруді ұсынады. Сапар барысында оқушылар университеттердің инфрақұрылымымен, оқу бағдарламаларымен танысып, қабылдау талаптары мен шетелдік студенттер үшін ұсынылатын мүмкіндіктер туралы ақпарат алды.

Тур барысында академиялық жетістіктердің маңызы мен ағылшын және корей тілдерін білу деңгейі басты назарда болды. Презентациялар мен кампустарға экскурсиялар оқушыларға оқу орындарының ұйымдастырылуын өз көздерімен көруге және болашақта оқу орнын таңдауда не нәрселерді ескерудің маңызды екенін түсінуге мүмкіндік берді.

Ерекше сапар тек академиялық тұрғыда ғана емес, мәдени шаралармен де байытылды. Оқушылар Оңтүстік Кореяның бірқатар тарихи және мәдени орындарын аралап, елдің мәдениеті мен дәстүрлерін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT