Тамыз айының 15-25 аралығында Молдова елінің астанасы Кишинёв қаласында армрестлингтен әлем чемпионаты өтті.
Атырау облысынан жаттықтырушы Құрманов Рүстем бастаған 7 параармрестлинг споршылары барып, оның ішінен 5 спортшы жүлделі орындарға ие болып, 1 алтын, 4 күміс, 3 қола медальмен марапатталды. Соның ішінде ауданымыздың намысын қорғауға шыққан екі спортшымыз да құр қол оралмады. Олар - Тұщықұдық ауылының тумасы Супығалиев Медет сол қолдан 3 орын иеленсе, қамысқалалық Асылан Қайрушев сол қолдан 2 орын, оң қолдан 3 орын иеленді.
-Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Бәрі жақсы ұйымдастырылған. Сол қолдан финалға дейін жетіп, Грузия елінің спортшысына есе бермедім. Шүкір, күміс пен қолаға ие болдық. Осы спортта қолдау көрсеткен Атырау облысы мүгедектер спорт клубының басшысы Аманбай Қыздарбайұлына және бізді осы спортқа дайындап жүрген жеке бапкерлеріміз Құрманов Рүстем мен Тілепов Өтеген ағайларымызға алғысымыз шексіз,-дейді Асылан Қайрушев.
Жұлдыз СЕМБИЕВА