Карантин: Атырауда кинотеатр, театрлардың қалай жұмыс істейтіні белгілі болды


«Атырауда «Ashyq» жобасына қатысушы театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары және филармониялар залға көрермендерді 20%-ға дейін толтыру арқылы жұмыс істей алады» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.                                                                                                                                      

Бұл жөнінде карантиндік шектеулерді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары жариялаған қаулыда жазылған.

«Мәдени объектілердің (репетициялар) жұмысы 30 адамға дейін; театр, кинотеатр, концерт залдары, филармониялардың толтырылуы 20%-дан артық емес жағдайда жұмыс істеуге рұқсат етілсін» делінген қаулыда.

Еске сала кетелік, Атырауда карантиндік шектеулерді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулы шықты.      

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT