“Қару” іс-шарасы: Атырауда полицейлер қару-жарақ дүкендерін тексеруде

 

Атырауда «Қару» және “Учаске”жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер қару сататын дүкендерге тексеру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты заңсыз айналымдағы қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жолын кесу және қауіпсіздік талаптарының орындалуын қадағалау.

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары қарулардың тіркеу құжаттарын, сақталу ережелерін және есеп жүргізу тәртібін мұқият қарады.

    – Бізде барлық қару мен оқ-дәрілер заңды түрде тіркелген. Қару сақтау ережелері мен сейф талаптары толық сақталады. Мұндай тексерістерді біз қалыпты қабылдаймыз. Бұл – қауіпсіздік үшін жасалатын жұмыс. Әр сатып алушының құжатын тексереміз. Полиция қызметкерлерімен үнемі байланыстамыз, барлық журналдар мен есептер уақтылы толтырылады, – дейді дүкен сатушысы Ақтоты Кенжегалиева.

Полиция қызметкерлері қару сататын орындардың жұмысы мен заң талаптарына сәйкестігін бақылап қана қоймай, тұрғындарға үндеу жолдады.

    – Азаматтар егер иелігінде тіркелмеген немесе заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрі не жарылғыш заттар болса, оларды өз еркімен полиция бөліміне өткізуге шақырамыз. Бұл жағдайда ешқандай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмайды. Ал, Алайда, қаруды заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау деректері анықталған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке көзделген, – деді Атырау ҚПБ №2 ҚПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары полиция майоры Талғат Сисенғалиев.

Мамандардың айтуынша, қару ұстау құқығы тек медициналық және психологиялық тексеруден өткен, заң бойынша шектеуі жоқ азаматтарға ғана беріледі. Бұрын сотталған немесе мас күйінде ұсталған және жанұяда жанжал шығарған адамдарға қару иеленуге рұқсат берілмейді.

 

Қызмет бағыты

Жергілікті полиция қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT