«Қарызсыз қоғам»: 14 мың атыраулық қаржылық сауаттылығын арттыруда

Басты мақсат – жеке және отбасылық бюджетті үнемдеу мен жоспарлау, несиенің пайызын есептеу, қаржылық инвестиция құралдары, алаяқтық әрекеттердің алдын алу, тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Биылғы ерекшелікке сәйкес жобаға берешегі 90 күннен асқан азаматтар қатысуда. Жыл соңына дейін оффлайн және онлайн форматта үш күндік тегін тренингтер өткізіледі.

- «Қарызсыз қоғам» жобасы пилоттық шара ретінде жалпы елімізде 2023 жылы бастау алды. Өткен жылы облысымызда 6 мыңнан аса адам оқудан өтті. Ал биылдың 17 ақпанынан бастап жобасы аясында оқыту сабақтары басталып, Атырау қаласы мен Исатай, Мақат аудандарында жалғасын табуда,- дейді «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов.

«Қарызсыз қоғам» жобасының менторы Ақан Қайырғалиевтің айтуынша, биыл 14 мыңға жуық адамды қамту жоспарланған. Оның 9660 онлайн, 4140 оффлайн форматта оқытылуда.

Айта кетейік, оқуға ниет білдірген әрбір азаматтың жобаға қатысуына мүмкіндік бар. Олар «AMANAT» партиясының жергілікті филиалдарына хабарласып, тіркеле алады.

Аман ШАМАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT