Көлік жүргізушілерінің қысқы маусымда автокөлік дөңгелектерінің талапқа сәйкестігін тексеру, тас жолдарда жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында 2-4 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз дөңгелек» рейдтік акциясы өткізілуде.
Іс-шараның бір күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 712 дерегі анықталып, 26 автокөлік айып тұрағына қойылды.
Оның ішінде:
- Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару-61;
- Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру-485;
- Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау-24;
- Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы-11;
- Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы-39 дерегі анықталды.