Қазақстанда ҚҚС төлеуден кімдер босатылмақ?

Фото:depositphotos.com

Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа мөлшерлемесін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Жұманғарин ҚҚС мөлшерлемесін 16 пайызға дейін көтеру және саралау бюджеттің құбылмалы мұнай кірісіне тәуелділігін азайтуға, сондай-ақ, Ұлттық қордың жинақ функциясын күшейтуге, басымдығы жоғары мемлекеттік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Ведомство басшысының сөзінше, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан босату ұсынылып отыр.

"Қазір шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейді. Біз оны сақтаймыз. Заңды тұлғалар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бюджетке төлеуге тиісті ҚҚС-тың 30 пайызын төлейді. Енді олар төлемейді. Осылайша, Қазақстанда өндірілген барлық өнім (картоп, қызанақ, пияз, қырыққабат және т.б.) бәсекеге қабілетті болады. Денсаулық сақтау саласы үшін 10 пайыз төмендетілген мөлшерлеме ұсынамыз. Бұл тағы кімге әсер етеді? Мұны қосымша талқылау қажет. Тағы қандай қызмет түрлері бар - барлық ұсынысты жинаймыз, есептейміз, сарапшылармен және бизнес өкілдерімен бірлесіп шешеміз", - деп түсіндірді Жұманғарин.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT