«Поштаматтарды көппәтерлі тұрғын үйлерде орналастыру нормалары да нақтыланады. Ғимараттардың, құрылысжайлардың, пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері пошта операторларына поштаматтарды шарттық негізде орнату үшін алаңдар бере алады», делінген Мәжіліс хабарламасында.
Сондай-ақ «Пошта туралы» заңнан пошта жәшіктері арқылы қарапайым хаттарды жіберу азайғанына байланысты күтіп-ұстау шығындарын және пошта бөлімшелерінде хаттарды қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, бұл нормаларды заң мәтінінен алып тастау ұсынылды. Ал көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан абоненттік жәшіктер туралы ережелер өзгеріссіз қалады.