Қазақстандағы он алтыншы өңірлік IT Hub Атырауда ашылды

0 votes

 Атырау қаласы, Нұрсая ықшам ауданы, Кенжебай Маденов көшесі 7а мекен жайындағы нысанның 2-ші қабатында орналасқан , - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Atyrau Hub - стартаптарды қолдауға, IT білім беруді дамытуға және Қазақстанның батысындағы технологиялық экожүйені нығайтуға бағытталған.

 

Басты мақсат - жергілікті IT-қоғамдастықты қалыптастыру, технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, стартап мәдениетін құру және цифрлық оқыту үшін кең мүмкіндіктер ұсыну.

 

Atyrau Hub - Astana Hub-тың білім беру және инкубациялық бағдарламаларының алаңы болады, сондай-ақ meetup , Pizza Pitch, workshop, Speaker Talks, Idea Battle және басқа да белсенді IT-қоғамдастықты дамытуға арналған іс-шаралар өткізілетін орталыққа айналады. Нәтижесінде өңірдегі жастар тың идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік алып отыр.

 

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өңірлердегі инновациялық экожүйені кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Қазіргі уақытта еліміздің 15 өңірінде IT-хабтар белсенді жұмыс істеп жатыр.Жыл соңына дейін осындай инновациялық орталықтар Жезқазған, Петропавл және Жаңаөзен қаласында ашылмақ.

     

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT