"Қазақстанға АЭС салу қажеттігі өткен ғасырда да айтылған"

Қазақстанда АЭС мәселесі бұрын-соңды көтерілді ме? Оның қажеттілігі неге қазір ғана сезіліп отыр? Біз бұл сауалдарды Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері Жапсарбай Қуанышев мырзаға қойған едік, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

– Ол сонау өткен ғасырдың 90-жылдарынан көтеріліп, ақшаның жетіспеуінен тоқтап қалды да, тек кейінгі үш-төрт жылда белсенді түрде қайтадан талқыға түсе бастады, - дейді ол. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі әлемде энергия тапшы­лығының күшейіп бара жат­қанын ескере отырып, атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керегіне тағы да тоқталды. Ол еліміз болашағының қамы үшін салынатын атом электр стансасы туралы барынша байыпты шешім қабылдау жұртшылықпен бірлесіп қана жасалуға тиіс деген ұстанымын қайыра еске салды.

жақтаған немесе қар­сы болған сарапшылардың дəйекті пікір­лерін барынша таразылап, ой елегінен өткі­зіп барып шешім қабылдауға тиіс. АЭС сала­мыз ба, салмаймыз ба, мұны халық шешеді».

Сондықтан бұл тұйық­тан шығудың бірден-бір жолы атом энер­гетикасының әлеуетін пайдалану болмақ. Себебі елдегі энергетиканың жетіспеушілігіне байланысты бұл мәселені түбегейлі шешу үшін газ жобаларын қаржыландыруды 17 есе ұлғайтып, салаға 4,3 триллион теңге инвес­тиция бағыттау қажет екен.

 

Сондықтан болар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Бізде инвестицияны былай қойғанда, таза атом энергиясы жоқ болса, экономикамызды құлдыратып аламыз, аймақтағы көшбасшылығымыздан айырыламыз. Сондықтан бізге электр энергиясы, атомдық таза энергия қажет» деп, оның маңызын кəсіби тұрғыдан түсіндірудің қажеттілігіне көңіл аударды.

 

Атом энергиясы үздіксіз энергия өн­дірудің жалғыз ғана көзі ретінде мойын­дал­ған. Себебі АЭС генерацияның барлық түрі­нің ішінде көміртек қалдығын ең аз мөл­шерде қалдыратын энергияның баламасы саналады. Сонымен қатар елдегі электр энергиясын тұтынудың артуына жəне декарбонизацияға көшуге байланыс­ты жақын арада энергетикалық дағдарыс орын алатынын, жаңартылатын энергия көздерін, жел жəне күн стансаларын дамытумен қатар атом энергетикасын жетілдіру қажеттігін ескерген жөн. Мысалы, Чехия­д­а алты, Бельгияда бес атом реакторы жұ­мыс істесе, Швейцария төрт реактордан өндірілетін атом энергиясын пайдаланады.

мақтарын энергиямен қамтуға мүм­кін­дік беруі керек. Сондықтан АЭС құры­лысын жүргізуге Үлкен (Балқаш), Курчатов жəне Ақтау сияқты үш учаске қарастырылды. Атал­ған əр атом электр стансасының өзіндік мін­деттері бар. Үлкен Оңтүстік энергети­калық аймақ­тағы энергия тапшылығын, Ақтау суды тұщыландыруды, Курчатов теңгерімділік мəселелерін шешеді. Себебі мамандар бұл аймақтардың географиялық орналасу жағынан да əлеуеті атом электр стансасын салуға қолайлы деп тауып отыр.

Жалпы алғанда, жыл сайын көл бетінен 18 млрд текше метр су буланып, стансаға жы­лы­на 63 млн текше метр жұмсалатыны бел­гі­лі болды. Бұл көлдің табиғи булану кө­­лемі­нің 0,3 пайызы ғана екен. Демек Бал­қаш­қа қатер төнеді деп қауіптенуге себеп жоқ.

 

Уранның қоры бойынша Қазақстан алдыңғы қатарда. Жыл сайын елімізде 20 мың тоннадан астам уран өндіріледі. Яғни әлемдік өндірістің 40 пайызға жуығы біздің елге тиесілі. Сондықтан бұл бағытты барынша дамыту маңызды. Еліміз бойынша уран Түркістан, Қызылорда, Ақмола облыстарында өндірілсе, уран тотығының ұнтағы мен отын таблеткаларын өндіру Үлбі металлургия зауытында 1973 жылдан бері іске асырылып келеді. Сондай-ақ Үлбі зауытының базасында қытайлық «CGNPC» компаниясымен бірге отын құрамаларын өндіру жобасы табысты жұмыс істейді. Бұл атом электр стансалары үшін ядро­лық отын шығаруға кепілдік береді. Өйткені зауыттың қуаты төмен байытыл­ған уранға есептегенде жылына 200 тоннаны құрайды. «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ инновациялық өндірісінің іске қосылуы елімізге атом стансалары үшін ядролық отын өндіруші жəне жеткізуші мемлекеттердің қатарына кіруге мүмкіндік беріп, Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту жəне осы бағытта басқа елдермен ынтымақтастықты дамытуға жол ашпақ. Бүгінгі таңда «Қазатомөнеркəсіп» уран өнімін Қытай, Еуроодақ елдері, Үндістан, Ресей, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада жəне басқа елдерге сатады.

Қазірдің өзінде халықаралық рейтинг бойынша Қазақстанның экологиялық көрсеткіші 180 елдің арасында 93-орында болса, ал ауаның ластануы бойынша 115-орында. Ал атом энергиясы, керісінше, бүкіл əлемде бейбіт жəне таза жасыл энергия көзі ретінде танылып отыр. Ендеше, жоға­рыда айтылғандардың барлығын қорыта келе және еліміздің 2060 жылға қарай көміртекті бейтарап елге айналуға міндет­теме алғанын ескере отырып, елімізде, ең алдымен, экологиялық қауіпсіздік пен энергетикалық қауіпсіздік мəселесін ше­шу­дің қажеттілігі күмән тудырмаса керек.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521