"Қазатомөнеркәсіп" - Қазақстанда АЭС салынған жағдайда отынды жеткізуге дайын

Астанада “Kazatomexpo” Халықаралық ядролық технологиялар көрмесі аяқталды.Оған әлемдік және қазақстандық жетекші сарапшылар, ғалымдар, кәсіпкерлер және Қазақстанда АЭС салу бойынша әлеуетті вендор компаниялардың өкілдері қатысты. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды. 

ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Ғұмар Серғазин атап өткендей, қазақстандық отын Қазақстандағы атом электр станциясында пайдаланылуы мүмкін. 2021 жылдан бастап "Қазатомөнеркәсіп" және қытайлық China General Nuclear Power Corporation (CGNPC) компаниясы framatome француз компаниясының технологиясы бойынша жылу бөлетін құрастырмаларды (ТВС) фабрикациялау жобасын іске асырды. Оларды өндірумен Үлбі металлургия зауытының, "Қазатомөнеркәсіптің" еншілес ұйымының аумағында орналасқан "Үлба-ТВС" ЖШС айналысады. 

 

"Бізде 60 жыл бойы ядролық отынмен жұмыс істеу құзыретіне ие Үлбі зауыты бар. Өткен жылдан бастап біз өндірілген отынды Қытайдың АЭС жеткізіп келеміз. Егер арнайы технлогияларға қол жеткізсек, біз өзімізді де отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар", - деді Серғазин. 

 

Николай Ілиясов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT