Қазіргі заманауи қылмыстың жаңа түрі – интернет алаяқтық

Фото:интернеттен

Интернет алаяқтық қылмысы қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды. Бұл алаяқтық қылмыстың ерекшелігі қашықтықтан жасалатын қылмыс болып табылады.

 Осы қылмыс түріне баратын тұлға өздерінің құрбандарын көзбе-көз көрмесе де, телефонның арғы жағында отырып, қитұрқы әрекеттерін іске асырып, әртүрлі жағдайдағы ертегі әңгімелерін ойластырып, түрлі адамды әртүрлі мөлшердегі несиелерге, одан қалса есеп -шоттарындағы ақшаларды түгелдей аударып алып, арам пиғылдарын іске асыруда.

 

Сондықтан, интернет алаяқтарының кезекті құрбаны болмас үшін, кез-келген таныс емес яки бөгде нөмерден қоңырау шалынып, «Сіздің нөмеріңіз бір ұтыста жеңімпаз атанды», «Сіздің банктық есепшотыңызға кибер-шабуыл болып жатыр, соның алдын-алу керек», «Сіздің, депозитіңіздегі жинақ ақшаңызға кибер-шабуыл болып жатыр», «Сіздің атыңыздан несие рәсімделіп жатыр», «Кибер шабуылдың алдын-алу үшін банктық есепшоттағы немесе депозит жинағындағы жинақ ақшаны арнайы есепшотқа тездетіп аударуыңыз керек», «Бұл әлденеше банктың қауіпсіздік бөлімінен» деген қоңырауларға тап болсаңыз, тез арада қоңырауды үзіп, олармен байланысудан бас тартыңыз.

Яғни, банктің өзіндік қауіпсіздік қызметкерімен деп, Сізге қоңырау шалып сөйлескен тұлғалармен сөйлеспеңіз, оларға өзіңіз туралы ақпаратты мәлімдемеңіз, бұл жерде мына бір қарапайым жайтты ұмытпаңыз, банктегі өзімізге қатысты барлық ақпараттардың барлығы конфиденциально түрде сақталған. 

Бұдан басқа, ғаламтордағы және «Instagram» әлеуметтік желісіндегі мебель, жиhаз, автобөлшектер, тұрмыстық өнімдерді арзан бағаға жарнамалайтын парақшалардан сақ болыңыз, «Instagram» әлеуметтік желісіндегі парақшалардың рас немесе жалған парақша екенін анықтау қарапайым адам үшін өте қиын дүние. 

Сол себептен, басқа қаладан өзіңізге қажетті тұрмыстық заттарды арзан бағада сатып алар болсаңыз, интернет әлемінен іздемегеніңіз жөн, ең дұрыс шешімі сол қаладан өзіңіздің туысқаныңызды немесе көзбен көріп, таңдап алғаныңыз жөн.

 

 Алаяқтардан бір қадам алда болуға және ақшаңызды үнемдеуге көмектесетін тағы бірнеше кеңес:

- Жеке деректеріңізбен ешкіммен бөліспеңіз! Телефон алаяқтарының, әсіресе несиелерді немесе шоттарды жабу туралы өтініштерінен сақ болыңыз.

- Ақшаны аудармас бұрын, алушының мәліметтерін тексеріңіз.

- Ешқашан СМС-те көрсетілген код пен PIN-кодтарды үшінші тұлғаларға, тіпті туыстарыңызға да айтпаңыз.

- Телефондарыңызға AnyDesk және PustDesk сияқты бағдарламаларды орнатпаңыз. Күдікті жағдайларға тап болсаңыз, банкке немесе құқық қорғау органдарына, 102 арнасына дереу хабарлаңыз деп кеңес білдіреміз.

 

 

 

 

Исатай аудандық Полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Дулат Нұрмұханбетов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521