Келер жылдан бастап атыраулықтар шұғыл көмекті 112 нөміріне қоңырау шалып ала алады

Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов «109» бірыңғай байланыс және 112 бірыңғай диспетчерлік шұғыл әрекет ету орталықтарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

«Komek-112» ақпараттық жүйесіне облыстың барлық жедел жәрдем стансасы, полиция бөлімшелері және т.б. қосылған. Жедел қызмет экипаждарының көліктерінде GPS жабдықтары орнатылған. Сөйтіп барлық ақпарат жүйенің сандық картасында бақыланады. 

Сонымен қатар, тұрғындардың 2023 жылдан бастап шұғыл медициналық, қауіпсіздік және өзге де көмектерді 112 нөмірі арқылы алуына мүмкіндік туады. 

Айта кетейік, қазіргі таңда жедел қызметтер бойынша қоңыраулардың 70%-і  103 байланыс нөміріне түседі. Қызметкерлер жұмыс күндері 800, демалыс күндері 900-950 қоңырау қабылдайды.  

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов байланыс орталығының жұмысын алдағы уақытта күшейтіп, тұрғындар шағымына жедел жауап беруді тапсырды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика