Келешек мектебінде біріңғай қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылды

 

Атырау қаласындағы №48 келешек мектебінде Адал азамат – біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығы аясында біріңғай қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылды.

Іс-шараға мектеп полиция қызметкері Бердаулетов Бекет Бақтығалиұлы шақырылып, оқушылармен түсіндірме-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Сабақ барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен қамтылды.

Көтерілген негізгі мәселелер:

 1. Мектеп тәртібін сақтау – мектеп ережелерін орындаудың маңызы, оқушы жауапкершілігі.

 2. Қоғамдық тәртіпті сақтау – қоғамдық орындардағы мәдениетті мінез-құлық нормалары.

 3. Мұз айдынындағы қауіпсіздік – қыс мезгіліндегі қауіп-қатерлер мен сақтық шаралары.

 4. Есірткі заттарына қарсы профилактика – есірткі қабылдау, тасымалдау және жарнамалаудың заң алдындағы жауапкершілігі.

 5. Киберқауіпсіздік – интернеттегі қауіптерден қорғану, жеке деректердің қауіпсіздігі.

 6. Пиротехникалық құралдарды қолдану қауіпсіздігі – отшашу мен жарылғыш заттарды пайдаланудағы сақтық талаптары.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы ақпарат алды. Мұндай профилактикалық жұмыстар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңға деген құрметін арттыруға және саналы, жауапты азамат ретінде қалыптасуына септігін тигізеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT