Келешек мектебінде «Дара бала – дана бала» атты интеллектуалдық куиз ойыны өтті

Атырау қаласындағы №49 келешек мектебінде интеллектуалды сайыс өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың білім деңгейін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық пен жылдам жауап беру дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін көтеру.

Куиз ойынына 2 сыныптан, әр сыныптан 6 оқушыдан, жалпы 12 оқушы қатысты. Ойын барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша білімдерін сынап, әртүрлі пәндік сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмалар орындады. Оқушылар белсенділік танытып, ұйымшылдықпен қатысып, өзара сайыс мәдениетін көрсете білді.

Іс-шара соңында белсенді қатысқан оқушылар мен жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Аталған интеллектуалдық куиз ойыны оқушылар үшін қызықты әрі танымдық мәні жоғары деңгейде өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT