Келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі?

Қазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік ұйымдардың 38,5 мыңнан астам әлеуметтік қызметкерінің жалақысы өседі. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен алдағы үш жылға шамамен 95 млрд теңге бөлінеді, – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жалақыны көтеру өз қызметін стационарлық (қарттар мен мүгедектерге арналған үйлер) және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (бұдан әрі – МӘМ) (күндіз болу бөлімшелері, оңалту орталықтары), уақытша болу мекемелерінде (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарына арналған оңалту орталықтары) жүзеге асыратын негізгі персонал (әлеуметтік қызметкерлер) мен басшы құрамға, сондай-ақ үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерге қатысты болады.

Нәтижесінде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап лауазымдық жалақыны ұлғайту жолымен әлеуметтік қызметкерлер үшін жалақы 1,5 есеге, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ағымдағы мәннен 1,75 есеге, ал 2023 жылы 2 есеге өседі.

Сонымен қатар МӘМ әкімшілік және көмекші қызметкерлерінің жалақысын лауазымдық жалақыға қосымша ақыны 30-дан 40% – ға дейін арттыру арқылы көтеру жоспарлануда.

Қызмет көрсетілетін контингенттің ерекшелігін ескере отырып (жалғыз басты қарттар, мүгедек адамдар, оның ішінде ересектер мен психоневрологиялық аурулары бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар), әлеуметтік қызметкерлерден жоғары психоэмоционалдық дайындық, күтім және үздіксіз бақылау, оңалту рәсімдерін жүргізу талап етіледі.

«Бұл жыл барлығына қиын болды. Біздің әлеуметтік қызметкерлер мекемелерде іс жүзінде тұрып, ерекше контингентпен жұмыс істеді. Біз олардың еңбегін бағалаймыз және олардың маңыздылығын түсінеміз. Бұл шара әлеуметтік салаға мамандарды тартуға, қызметкерлердің тапшылығын азайтуға және кадрлық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз» дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Cурет: ашық дереккөзден

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика