Кен орындарында қазақстандық мамандар саны артып, отандық қызмет көлемі артып келеді

0 votes

"Теңізшевройл" тауарлар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамтуды дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Бұл туралы ТШО басшылығының "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновпен кездесуінде белгілі болды. Кездесуде тараптар кен орнын игерудің ағымдағы мәселелерін, компания персоналы арасында отандық мамандардың үлесін ұлғайту және тауарлар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамтуды дамыту перспективаларын талқылады.

Бүгінгі таңда "Теңізшевройл" болашақ даму жобасын іске асыруды аяқтауға дайындалуда. Осыған байланысты компания алдында ағымдағы кезеңде бірқатар басым міндеттер тұр. 

Тараптардың кездесуі барысында ТШО жүргізіп жатқан техникалық қызмет көрсету тендеріне ерекше назар аударылды, оның шеңберінде қазақстандық компанияларды жоспарланған жұмыстарға тарту қажеттілігі атап өтілді.

ТШО-ның техникалық қызмет көрсету, жөндеу, пайдалану материалдарын жеткізуге стратегиялық тендер нәтижелері бойынша жалпы бюджеті шамамен 400 млн АҚШ долларын құрайтын жергілікті компаниялармен арада бес ұзақ мерзімді келісімшарт жасалды.

Сонымен қатар, компанияда басшылық позицияларды иелену үшін қазақстандық кадрларды дамыту мәселелері қозғалды. Асхат Хасенов ТШО ұжымымен де кездесті. Ол компания қызметкерлеріне нәтижелі жұмысы үшін алғыс айтты. 

Іс-шара барысында ТШО қызметкерлерін қазақстандық мұнайдың 125 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен, Энергетика министрлігінің наградаларымен және "ҚазМұнайГаз" компаниясының алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті.

 

"Теңізшевройл" бүгінде Қазақстанның мұнай өндірісінің үштен бірін қамтамасыз ететін ірі салық төлеуші болып табылады. Өткен 30 жыл ішінде жинақталған өндіру көлемі 580 млн тоннаны құрады. Компания 129 миллиард АҚШ доллары көлемінде салықтар мен міндетті төлемдерді төледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT