Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында берілетін дәрі-дәрмек тізімі жаңартылды

Фото: freepik.com

 

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 19 мамырдағы бұйрығымен белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың тізбесіне өзгерістер енгізілді.  

Динамикалық бақылауда тұрған барлық санаттағы пицентке:

  • Ригексифенидил
  • Хлорпромазин
  • Левомепромазин
  • Трифлуоперазин
  • Галоперидол, майлы ерітінді (инъекцияға арналған)
  • Клозапин
  • Оланзапин
  • Рисперидон, ұзақ әсер ететін бұлшықет ішіне енгізуге арналған суспензия дайындауға арналған ұнтақ, ішуге арналған ерітінді.
  • Палиперидон, ұзақ әсер ететін бұлшықет ішіне енгізуге арналған суспензия.
  • Диазепам
  • Амитриптилин
  • Венлафаксин, капсула
  • Амисульприд, ішуге арналған ерітінді

Опиоидты агонисттермен демеуші терапия алатын пациенттерге:

  • Метадон, ішуге арналған ерітінді
  • 2-4 деңгейлі қауіп дәрежесіндегі артериялық гипертензия
    (динамикалық бақылауда тұрған барлық санаттағы пациент үшін):

 

  • Индапамид, капсула
  • Метопролол
  • Бисопролол
  • Амлодипин
  • Кандесартан
  • Эналаприл
  • Периндоприл
  • Диуретиктермен біріктірілген периндоприл
  • Фозиноприл
  • Негізгі терапия тиімді болмаған жағдайда Моксонидин
  • 2-4 деңгейлі қауіп дәрежесіндегі артериялық гипертензия
    (динамикалық бақылауда тұрған балалар үшін):

 

  • Индапамид капсула
  • Метопролол
  • Бисопролол
  • Амлодипин
  • Кандесартан
  • Эналаприл
  • Периндоприл
  • Диуретиктермен біріктірілген периндоприл
  • Фозиноприл
  • Негізгі терапия тиімді болмаған жағдайда Моксонидин.

Аталған бұйрық 2025 жылғы 4 маусымнан бастап күшіне енеді. 
Еске салайық, кепілдендірілген тегін медициналық көмектің бірқатары енді сақтандыру есебінен көрсетілетіні туралы жазған едік.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT