Кепілдік кәсіпкерлерге көп мүмкіндік береді

Өткен аптада аудандық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын», «Сыбаға» бағдарламасындағы өзгерістерді түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізілді.

Оған «Аграрлық несие корпорация» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Р.Жанбиров, «КазАгроКепіл» АҚ Атырау облыстық филиалы директоры А.Қондыбаева және аудандық ветеринария, аумақтық инспекция, ветеринария стансысының басшылары, шаруа қожалықтардың жетекшілері қатысты. Аудан көлемінде шаруашылығын домалатып, кәсіпкеркерліктің қыр-сырын ұғынған қатысушыларға алдымен жоғырыда аталған корпорация өкілі Р.Жанбиров берілетін несиелер мен жоба бойынша негізгі талаптар және пайыздық мөлшерлер туралы кеңінен ақпарат берді.

Семинар барысында мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкерлік саласына берілетін шағын несиелерге кепілдік берудің барысы мен ережелері талқыланды. "КазАгроКепіл" АҚ Атырау облыстық филиалы директоры А.Қондыбаева кәсіпкерлерге кепілдік беру тетіктерін түсіндіріп өтті.

Оның айтуынша, аталған бағдарлама шеңберінде үстіміздегі жылдың сәуірінен бастап ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер (МҚҰ/КС) беретін микрокредиттер бойынша кепілдік берумен айналысады екен. Бұл қаржыландыру барысында микрокредит алған кәсіпкердің кепілдігі жетіспеген жағдайда жүзеге асырылады. Осы ретте кепілдік беру негізгі шарттары: үміткер, зәкірлік кооперация, ісін бастаған кәсіпкерлер сынды үш бағытта қарастырылған. Ал, кепілдендіру жылына 6 пайыздан аспайтын сыйақының номиналды мөлшерлемесімен микрокредиттер бойынша жүзеге асады. Шағын несие берудегі жоғарғы сома – 5000 АЕК болса, несие беру мерзімі – 5 жылдан 7 жылға дейін. «ҚазАгроКепіл» АҚ бас-таушы кәсіпкерлер үшін шағын несие сомасын 85 пайызға дейін, жұмыс жасайтын кәсіпкерлер үшін 50 пайызға дейін кепілдік бере алатынына тоқталды. Семинарға қатысқан кәсіпкерлердің сұрақтарына мамандар тиісінше жауап берді.

Әйгерім Құбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521