Кез-келген инновация жан-жақты талдау негізінде жүргізілуі керек

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баршамыз үшін маңызды тақырыпты қозғады. Ол кез келген инновациялар жан-жақты талдау және ойластырылған стратегия негізінде жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.

Президент айтқандай, мемлекетке оңтайлы шешімдер қажет, олар бір жағынан қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді және бизнеске кедергі жасамайды, екінші жағынан салық саласында тәртіп орнатуға мүмкіндік береді және бюджетке түсетін түсімдердің өсуін қамтамасыз етеді және бұл дұрыс. 

Оның айтуынша, ҚҚС мөлшерлемесі саралану керек. Ол Үкімет ұсынған мөлшерлеме жоғары екенін атап өтті. Әрине, қазақстандықтардың реакциясы өткір болды. Президент қоғам, кәсіпкерлер, сарапшылар болсын, барлық өкілдердің пікірін ескеру маңызды екенін атап өтті. Содан кейін ғана шешім қабылдау керек.

Менің ойымша, ҚҚС мөлшерлемесінің 20% - ға дейін өсуіне жол берілмейді. Себебі ҚҚС мөлшерлемесінің ұлғаюы кезінде Қазақстанда ресми түрде сатылатын барлық өнімдер мен тауарлардың бағасы өседі. Шағын бизнес — бұл кафе, дүкендерден бастап, шағын сауда нүктелеріне дейін адамдарды жұмыспен қамтитын,  экономикамызды дамытатын, бізді барлық жағдаймен қамтамасыз ететін компаниялар мен кәсіпкерлер.

Бірақ одан да маңыздысы — шағын бизнес жыл бойы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Егер салықтар көтерілсе, көптеген шағын компаниялар мұндай үлкен соманы төлей алмайды, әсіресе жалға алу және коммуналдық шығындар екі-үш есе өскен кезде өте қиын. Осы кезекте Президенттің бұл туралы бүгін сөз сөйлеуі оңтайлы уақыт. Соңында дұрыс шешім қабылданады деп үміттенемін.

Хаят Жапаров
"Дүнген республикалық этномәдени бірлестігі" РҚБ Атырау облыстық филиалының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT