Халықаралық байқаушы: Қазақстандықтар ерікті түрде дауыс беріп жатыр

Палестина мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстандағы тіркелген дипломатиялық корпустың Дуайені Монтасер Абу Зейд кезектен тыс Президент сайлауының ұйымдастырылуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз таңнан бері 13 учаскеге барып шықтық және дауыс беру процесі өте жақсы, жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көрдік. Ешқандай заңсыздық байқаған жоқпыз. Адамдар жақсы көңіл күймен, ерікті түрде, ешбір қысымсыз дауыс беріп жатыр. Жергілікті байқаушылардан ешқандай шағым алған жоқпыз», - деді халықаралық байқаушы.

Айтуынша, ол осымен үшінші рет қазақстандықтардың дауыс беру процесіне байқаушы ретінде қатысып отыр.

«Мен Қазақстанда осымен төртінші рет Президент және Парламент сайлауында, Референдумда халықаралық бақылаушы ретінде қатысып отырмын. Қазақстан халқын қазір елде жүргізіліп жатқан табысты экономикалық және саяси рефмормалармен құттықтағым келеді. Сондай-ақ, Қазақстанға бебітшілік, гүлдену және қауіпсіздік тілеймін», - деді Елші.

Бүгін еліміздегі 86 учаскеде дауыс беру өзге учаскелерден 1 сағат бұрын басталды.

Орталық сайлау комиссиясының берген мәліметіне сүйенсек, елімізде дауыс беру құқығы бар 11 827 277 азамат тіркелген. Олар республика аумағында орналасқан 10 101 сайлау учаскесінде дауыс береді. Ал 53 шет мемлекеттегі 68 учаскеде 12 527 Қазақстан азаматына дауыс беру мүмкіндігі жасалған.

Бұған дейін ОСК кезектен тыс Президент сайлауының барысын 641 халықаралық байқаушы қадағалайтынын мәлім еткен еді.

фото: www.inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521