Биыл еліміз бойынша, барша қазақстандықтар үшін алғаш рет ерекше форматтағы сайлау өткелі тұр. Өз елінің, туып-өскен жерінің көркеюіне үлес қосар азаматтарды халық енді өзі таңдайды.
Аудан бойынша сайлауға Көктоғай ауылдық округі мен Жарсуат ауылдық округі тұрғындары қатысады.
6 кандитат барлық тексерістерден өтіп тіркелді. Оның бірі - «Nur Otan» партиясынан, енді бірі - «Ауыл» партиясынан, қалған төртеуі - өзін-өзі ұсынушылар.
Үміткерлердің үлкені - 59 жас шамасында, орташасы - 53 жас, ең жасы - 36 жас шамасында.
Сайлау үш учаскеде өткізіледі. 19 комиссия мүшелері құрылды. Барлығы бүгін ПТР тестін тапсырып отыр. Оның ішінде 14 адам толықтай вакцинация алды, қалған 5 адам белгілі себептермен екпе ала қоймады.
Үгіт насихат жүргізу жұмыстары бүгін түнгі 00:00 де аяқталады. Ертең сайлау алды бір күн демалыс деп есептеліп отыр.
Сайлаудың ерекшелігі сол, халық өз туып-өскен жерінің азаматтарын өздері сайлайды. Науқан ахуалға байланысты барлық санитарлық талаптар сақталып өткізіледі. Антисептик, маска барлығы қамтамасыз етілген.
Әділгерей Сәкенов, Индер аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы