banner_damu

Халықты баспанамен қамтуда Атырау облысы алғашқы үштікке ілікті

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуына қарағанда, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша Атырау, ШҚО, Қарағанды облыстары көш бастап тұр. Ведомство басшысы Үкімет отырысында осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша да оң динамика байқалып отыр. Биылғы қаңтар-тамызда 8,9 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсімі 10,5%-ды құрады. Есепті кезеңде барлық өңірлер оң өсім көрсетті. Ең жоғарғы өсім Атырау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында байқалады», - деді министр.

Ал ауыл шаруашылығында республика бойынша орташа өсім 2% болған. 14 өңірде оң динамика тіркелсе, соның ішінде ең жоғарғы өсім - Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарына тиесілі.

«7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай. Барлық көрсеткіш бойынша оң өсім 5 өңірде – Шымкент қаласында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау облыстарында байқалады. Ал, 6 көрсеткіш бойынша 8 өңірде өсім бар. 3 өңірде 5 көрсеткіш бойынша өсім тіркелді. Батыс Қазақстан облысында тек 3 көрсеткіш бойынша өсу байқалды», - деді Әсет Ерғалиев.

 

 

 



ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика