ХҚКО-ға кезекке тұру жеңілдеді

Бұдан былай көлікті қайта тіркеу үшін үш ЖСН-ге бір бронь алуға болады.

Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Акционерлік қоғам арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесіп, кезекті броньдау ісін оңтайландырды.

- Бұдан былай автокөлікті қайта тіркеу үшін кезекті броньдау кезінде сатушының, көлік иесінің (егер автокөлік сенімхат бойынша сатылса) және сатып алушының ЖСН-ін көрсету қажет. Осылайша, әрқайсысы жеке броньмен емес, жүйеге үш ЖСН арқылы бір қызмет алуға тіркеледі, - делінген хабарламада.

BAQ.KZ

Фото: дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521