Қиғаш өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет, 22 сәуір, 2024 ж

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша 2024 жылғы 22 сәуірде сағат 8-дегі жағдай: 

Қиғаш пен Шароновка каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты болып отыр.

  - Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 270 см, тәулігіне көтерілу +16 см. су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 141 см құрайды

- Қиғаш өзені –Котяевка ауылы су бекетіндегі су деңгейі 146 см, тәулігіне +16 см. Су тасқыны басталғаннан бастап жалпы көтерілу 136 см құрайды.

- Шароновка өзені –Ганюшкино ауылы су бекетіндегі су деңгейі 173 см, тәулігіне +5 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 76 см құрайды.

  22 сәуірде Еділ су электр станциясынан су жіберу 21 750 м3/с құрайды.

Қиғаш пен Шароновка каналдарындағы су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

 

 

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521