Құқық қорғау Академиясына жаңа ректор, жаңа міндеттер

 

Құқық қорғау органдары Академиясының ұжымына жаңа ректор – 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, PhD докторы Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіровті таныстырдым. Ол – өңірлерде және Бас прокуратурада басшылық қызметтер атқарған тәжірибелі прокурор.

 

Академия алдына маңызды міндеттер қойдым:

– білім беру бағдарламаларын жасанды интеллектке басымдық бере отырып жаңғырту;

– жасанды интеллектті тиімді қолданып, киберқылмыспен және басқа да заманауи қатерлермен күресуге қабілетті сертификатталған прокурорлар мен өзге де құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлау;

– ғылыми зерттеулердің қолданбалы сипатын күшейту;

– Академияның ғылыми басылымдарының халықаралық беделге ие болуын қамтамасыз ету;

– курсанттардың жеке қасиеттерін – тәртіптілікті, қызмет пен мемлекетке адалдықты тәрбиелеуге назар аудару;

– шетелдік бейінді білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты күшейту.

 

Бірлесіп Академияны прокуратура мен құқық қорғау органдары үшін кадрлар мен ғылым даярлаудың орталығы ретінде нығайтатынымызға сенімдімін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT