ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі – заңдылық қағидаты болып табылады.

Осы ретте, Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасымен тұрақты негізде (онлайн формат және тікелей эфирді қоса алғанда) мемлекеттік қызметшілерге құқықтық оқытулар өткізілуде.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік қызметші мәртебесіне мемлекеттік лауазымына тағайындалған немесе сайланған сәттен бастап ие болады және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларға сәйкес, тиісті құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туындайды.

Міндеттері мен жауапкершілігін айтар болсақ, мемлекеттік қызметші - мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерін қалтқысыз әрі адал атқаруы тиіс.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметшіге өзінің лауазымдық өкiлеттiктерін орындамағаны, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтамағаны немесе өзге қолданыстағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін тиісті жауапкершілігі айқындалған.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметші өзіне тиісті құқықтарды иемденеді, яғни, еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларына, әлеуметтік және құқықтық қорғалуға және т.б.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) құқықтық оықтулар өткізу барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктеріне қатысты түсіндірмелер берілуде.

Өз кезегінде, мемлекеттік қызметші қызметін атқару шегінде барынша ұқыпты, адал, сыпайы, қай кезде де өзгеге үлгі бола білуі керек.

Сонымен қатар, олар қызметтен тыс уақытта да қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге, сырт келбеті қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал жасауы шарт болып табылатынын атап өткен жөн.

Департаменттің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT