Құқықтық сауаттылыққа қатысты түсінік берілді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру. Құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жүктелді.

Ішкі істер министрлігі ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, шетелдіктердің заңсыз көшіп келуіне және басқа да ауыр қылмыстарға қатаң тосқауыл қойып, дереу жолын кесуге міндетті», деп атап көрсеткен болатын. Бұл жұмыс ауданымызда жүйелі түрде жалғасын табуда.

 

2024 жылдың желтоқсан айының 3-і күні «Жасөспірім.Тәртіп.Болашақ» жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруда Н.С.Манаев атындағы жалпы орта мектебінің 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіліп, ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілді. Кездесуде қылмысты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында оқушыларға түнгі сағат 23:00 ден таңғы 6-ға дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде болмауы, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын тұтынбауы, шанышпалы-кесетін заттарды өздерімен алып жүрмеуі, көлік, мотокөлік, мопед басқармауы, қорқытып алушылық пен бопсалаушылыққа жол бермеуі түсіндірілді. Сондай-ақ, жасөспірімдермен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын-алу, бос уақыты қамтылмаған балалардың қоғамдық орындардағы мінез-құлқын қалыптастыру, есірткі қылмысы және нашақорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты түсінік беріліп, бейнероликтер көрсетілді.

 

Осыған қоса, жаңа-жыл мерекесі қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды қолданбау, олардың адам өміріне қауіптілігі, зияны жөнінде ақпарат беріле отырып, оны қолдану, сатып алу және сату бойынша заңды жауапкершілігі түсіндірілді. Қыс мезгілінің басталуына орай, мұз қату кезеңінде жағалаудағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, жылу жүйелерінің қосылуына байланысты табиғи газ, электр жабдықтарын тұтыну бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтау бағытында профилактикалық түсінік жұмыстары жүргізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT