21–23 қазан аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – көшелерде және қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ олардың жолын кесу болып табылады.
Аталған іс-шара барысында Атырау облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, қала аумағындағы сауда орталықтарында рейдтік іс-шаралар өткізді.
Тексеру жұмыстарының барысында ұрланған және қылмыстық жолмен табылған ұялы телефондарды анықтау және оларды тәркілеу жұмыстары жүргізілді.