Құлсары қаласында 200-ге жуық көшет егілді

 

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Құлсары қаласында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында қала аумағына 200-ге жуық ағаш көшеттері егілді. Акцияға "Мед-Профи" колледжі, "РИП-газ", "Жылыойгаз" ЖШС, Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі, "Мако" ЖШС, Орталық стадион ұжымы, Ветеринарлық станция ұжымы, "Атырау-Жарық" , Өнер мектебі, Саз мектебі, "Қазақтелеком" АҚ ұжымдары қызметкерлері мен қала тұрғындары белсене қатысты.

Шараның мақсаты – қаланың экологиялық ахуалын жақсарту, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және қала аумағында қолайлы экологиялық орта қалыптастыру.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT