А.Хасеновтің айтуынша, ҚМГ роуд-шоуды сәтті аяқтап, геологиялық барлау жобаларына инвесторлар (отандық және халықаралық) тартты. Бүгінде ҚМГ жер қойнауын геологиялық зерттеу бағдарламасын жалғастыра отырып, сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілетін үш жаңа перспективті жобаны дайындады.
Бұдан бөлек, әңгімелесу барысында «ADNOC»-тың әлемдік деңгейдегі көшбасшы компания екені, мұнай-газ химиясы өнеркәсібінде ынтымақтастық құрудың айрықша мүмкіндігі бар екені де сөз болды. Сонымен қатар энергетикалық жүйеге көшу және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.
Асхат Хасенов ҚМГ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтіп, «ADNOC» компаниясын отандық мұнай-газ жобаларына инвестиция құюға шақырды.
«ҚазМұнайГаз бен «Abu Dhabi National Oil Company» серіктестігі жобаларды жүзеге асырудың тиімділігін едәуір арттырып қана қоймай, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін», деді ҚМГ басшысы.
Айта кетейік, «ADNOC» 1971 жылы құрылған, Абу-Даби үкіметіне толық тиесілі әртараптандырылған жетекші энергетикалық топ. Компанияның интеграцияланған кәсіпорындар желісі энергетика саласының құны жоғары өнімінің барлық тізбегін қамтиды. «ADNOC» әлемдегі көміртегі шығарындысы аз, мұнай-газ өндіретін ең ірі компаниялардың бірі ретінде танымал.