Коалиция аймақтарда: ел болашағына қатысты ашық диалог

Коалиция өкілдері Сауран секторы тұрғындарымен кездесіп, жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен ел дамуының басым бағыттарын талқылады. Адам құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікті қолдау, білім мен технологияны дамыту – еліміздің тұрақты дамуының негізі екеніне ерекше назар аударылды. Кездесу Түркістан қаласында өтті.

Қ.Дүтбаева атындағы педагогикалық колледж ұжымымен Атырау қаласында 15 наурыздағы референдумның маңызы және ұсынылып отырған өзгерістердің мәні туралы мазмұнды әңгіме өрбіді. Қатысушыларға реформаның мемлекеттік басқару жүйесін нығайтуға және әділетті қоғамдық келісімді қалыптастыруға бағытталғаны түсіндірілді.

Өскемен қаласында талқылау Онкоорталық ұжымымен өтті. Мұнда денсаулық сақтау саласына қатысты нормаларға, атап айтқанда мемлекеттің халық денсаулығын қорғаудағы жауапкершілігіне және медицина қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді.

Жаңаөзен қаласындағы Өзенинвест қызметкерлері конституциялық реформаның мақсаттары мен негізгі бағыттары жөніндегі кездесуге қатысты. Өзгерістер ел тәуелсіздігін нығайтып, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне араласуына жағдай жасайтыны айтылды.
KEGOC компаниясының Қостанай облыстық солтүстік филиалы ұжымымен өткен кездесуде өзгерістердің мемлекеттің әрі қарай дамуына ықпалы талқыланды. Дербес деректерді қорғау және қоғаммен ашық диалогтың маңыздылығы да кеңінен қозғалды.

Қонаев қаласында Қапшағай бидай өнімдері ЖШС ұжымымен кездесу өтіп, 15 наурыздағы референдумға шығарылатын жоба ережелері жан-жақты түсіндірілді. Азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау және жеке деректердің қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды.

Өткен кездесулер азаматтардың реформаларға деген қызығушылығы жоғары екенін және ел болашағын айқындайтын шешімдерді талқылауға және қабылдауға белсенді қатысуға дайын екенін көрсетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT