Көлігімен электр бағандарына соқтығысқан жүргізуші ұсталды

«Атырау-Астрахан» тас жолындағы электр бағаналарына белгісіз автокөлік соқтығысып, оқиға орнынан ізін жасырған.

4electr-min

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

4soqa-min

«Атырау қаласында 3 қараша сағат 08:30 шамасында Полиция басқармасының Жедел басқару орталығы кезекшісінен осындай хабарлама түсті. Патрульдік полиция қызметкерлерімен Іздестіру шарасы ұйымдастырылып, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені бейнекамерасымен белгісіз көлік анықталды» делінген департаменттің баспасөз парағында.

 jurgiz

3 қараша сағат 00:15 шамасында «ЗИЛ АБД» көлігінің жүргізушісі «Атырау кабель» мекемесі тұсында, жол қауіпсіздігін қадағаламау салдарынан басқару жүйесін иегере алмай, жол жиегіндегі екі электр бағаналарға соқтығысыпты. Оқиға орнынан бой тасалап кеткен көлік жүргізушісі 1979 жылы туған азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі және 611-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521