Көлігінің төрт дөңгелегін ұрлапты

«102» операторына хабарласқан Алмагүл ықшамауданы тұрғыны, №1 үйдің ауласында тұрған автокөлігінің 4 дана дөңгелектері ұрланғанына шағымданды.

Атырау ҚПБ-ның Жедел басқару орталығының аға инспекторы полиция аға лейтенанты К.Исмаганбетов және бейнебақылау инспекторы полиция майоры А.Латипов оқиға болған аумақ маңайында орналасқан бейнекамералардың бейнежазбаларын мұқият қарау барысында, Nissan X trail автокөлігінің оқиға орнына келіп, көліктің 4 дана дөңгелекті автокөлігіне тиеп, оқиға орнынан белгісіз бағытқа кетіп қалғанын анықтады. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында аталған автокөлікті ықшам ауданның №3 үйдің ауласынан табылды. Жедел тергеу тобы күдікті 2002 жылы туған жігітті ұстады.

Тергеп тексеру жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521