Исатай ауданы, Зинеден ауылында жаяу жүргіншіні қаққан аудандық полиция қызметкері 2 жыл жарым жаза алды.
Бұл жайлы azh.kz сайты хабарлайды.
«Махамбет аудандық сотында 2019 жылдың қазанында Исатай ауданы, Зинеден ауылында жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан кетіп қалған полиция қызметкері Айболат Жұмашевқа қатысты сот отырысы аяқталды.
Сот оны ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-тармағы («Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы қағидаларын бұзуы») мен 347-бабы («Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу») бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады» делінген мақалада.
Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.