Көлікті масаң күйде басқарып, қамаққа алынды

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бұл туралы Исатай аудандық сотының әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Онда сотта анықталғандай, азамат Ж. 2020 жылдың 31 желтоқсан күні түнгі сағат 02:00 шамасында «Лада 21703» маркалы көлік құралын Ақтөбе-Атырау-Астрахан тас жолының 688 шақырымының тұсында алкогольден масаң күйде басқарғандығы жазылған.

Құқық бұзушының алкогольдік масаң күйінде болғаны медициналық куәландыру қорытындысымен расталыпты.

«Сот отырысында құқық бұзушы Ж. хаттамамен келісіп, 2020 жылғы 31 желтоқсанда қонақтықтан екі шөлмек сыра ішіп, көлік құралымен үйіне кетіп бара жатқанын айтып, өз кінәсін мойындады. Атырау облысының Исатай аудандық сотының қаулысымен Ж. кінәлі деп танылып, оған 15 (он бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамақ және көлік құралын басқару құқығынан 7 (жеті) жыл мерзімге айыру жазасы қолданылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді» делінген хабарламада.

Cурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521