ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп "Мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін дамытудағы жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Конференция жұмысының мақсаты – мемлекеттік қызметшілер мен көшбасшылардың кәсіби деңгейін көтеріп, қызметтік міндеттерін тиімді пайдалануда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқыту бағдарламаларының шеңбері аясында өңірдегі мемлекеттік қызметті тиімді ұйымдастыру, мансаптық, кәсіби өсу жолындағы мүмкіндіктерді зерделеу.
«Мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін дамытудағы жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының алғы сөзі Атырау облысының әкімі Досмұхамбетов Махамбет Жолдасқалиұлы ашты. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әбіл Ерлан Қуанышұлы мемлекеттік қызметшілердің мансаптық, кәсіби өсу жолындағы және әлеуетін дамытудағы мүмкіндіктеріне тоқталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және Атырау облысы әкімдігінің арасындағы ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қою рәсімі өткізілді. Конференция жұмысы бойынша кіріспе сөз Атырау облысы әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің басшысы Жұмабай Ербол Ізмұқанұлына жолданып, қазіргі таңдағы мәселелер бойынша өз ой-пікірімен бөлісті.
- «Қоғамдық бақылау негізіндегі мемлекеттік қызметтегі кадрлардың әлеуеті» тақырыбындағы баяндама бойынша Атырау облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Өтешов Мұрат Сақтайұлы;
- «Кадрларды дайындаудағы заманауи технологиялар» тақырыбындағы баяндама бойынша Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы, «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту: өткені, бүгіні, ертеңі» тақырыбындағы баяндама бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректорының кеңесшісі Өмірбекова Жайлы Бөкешқызы,«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және менің жетістігімнің тарихы» тақырыбындағы баяндама бойынша Академия түлегі, Атырау қаласы әкімі орынбасары Қаражанов Жұмабек Байрақбайұлы баяндады.
Конференция жұмысының бағдарламасы бойынша баяндамалар тыңдалып, ашық микрофон арқылы сұрақтар қойылып, конференция жұмысының бағыты бойынша қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі