Конституциялық реформа: Президент Тоқаевтың бастамалары шетелдік БАҚ назарында

0 votes

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform агенттігі ел үшін жаңа саяси дәуірдің басталуына жол ашатын реформалардың халықаралық деңгейде қалай жарияланып жатқанына шолу жасап көрді. 2025 жылғы 8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бір палаталы Парламент құруды ұсынды және бұл реформаны «өте маңызды мәселе» деп атап, асығыстықтан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды The Times of Central Asia.

Басылымның мәліметінше, биыл 15 наурызда азаматтар шамамен жарты жыл бойы әзірленген жаңа Конституция жобасына дауыс береді. Бастама бастапқыда Парламентті қайта құрылымдаудан басталып, кейін Ата заңның жаңа жобасын дайындауға ұласты. Жұмыс тобы 2 мыңнан астам ұсынысты қарастырды, ал 2026 жылғы қаңтарда 130 мүшеден тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Қорытынды жоба сайлаушыларға: «Сіз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қояды.

Басылым атап өткендей, Қасым-Жомарт Тоқаев «ешкім қолданыстағы Конституцияның маңызын төмендетуді мақсат етпейді» деп мәлімдеп, оның Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қабылданғанын және «біздің мақсаттарымызды, құндылықтарымызды және қағидаттарымызды жаңарту аса маңызды» екенін ерекше атап өтті.

 

Euronews: Қазақстан жаңа Конституциясын қабылдау бойынша референдум өткізеді

Euronews та Қазақстан 15 наурыз күні жаңа Конституция бойынша референдум өткізетінін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия түпкілікті жобаны ұсынғаннан кейін тиісті жарлыққа қол қойғанын хабарлады.

— Ұсынылып отырған түзетулер өкілеттіктерді қайта бөлуге, тепе-теңдік жүйесін нығайтуға және ең бастысы, барлық саяси институттардың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді, — деді Қ. Тоқаев.

 

Ел Президенті қазіргі Конституцияның соңғы 30 жылдағы рөлін жоғары бағалай отырып, бұл құжат «Тәуелсіздігіміздің қалыптасуының алғашқы қиын жылдарының ізін сақтап отырғанын» және «еліміздің мақсаттары, құндылықтары мен қағидаттарын жаңарту уақыты келгенін» атап өтті.

Мемлекет басшысы протекционизмнің күшеюі мен геосаяси өзгерістерге назар аударып, «негізгі оқиғалар әлі алда» екенін ескертті. Басылым қазақстандық саясаттанушы М. Шибұтовтың пікірін келтіріп, «қауіпті әрі тұрақсыз кезең жаңа саяси жүйені талап ететінін» жазған.

Жоба вице-президент лауазымын қалпына келтіруді, билік сабақтастығы ережелерін өзгертуді және неке мен халықаралық құқыққа қатысты ережелерді қайта қарауды көздейді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды өкілетті Парламенті бар президенттік республикаға көшіруге бағытталған конституциялық реформалар туралы жариялады. Бұл өзгерістер шамадан тыс орталықтандырылған атқарушы билік моделінен өкілеттіктерді қайта бөлуді көздейді, деп хабарлайды Yeni Şafak.

 

Басылымның жазуынша, Қазақстан «суперпрезиденттік» жүйеден бас тартып, ауқымды саяси реформаны жүзеге асырып жатыр. Сейсенбі күні Астанада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ықпалды Парламентке сүйенетін президенттік республикаға көшу бағытын айқындады. Бұл — соңғы жылдары жүргізіліп келе жатқан реформалардың жалғасы.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT