Махамбет ауданында денсаулығына байланысты референдум учаскесіне келе алмайтындар үшін тасымалдау жәшігі арқылы дауыс беру қарастырылған.
№217 референдум учаскесі бойынша 43 үйге комиссия мүшелері мен полиция қызметкері тасымалдау жәшігін апарып, сайлаушылар өз таңдауын жасады. Жарты ғасырлық ғұмырын денсаулық саласына арнаған, дәрігер-фтизиатр Жалғас Еспусинов пен жұбайы Оңай Измұханова аудан өміріне елеулі үлестерін қосқан еңбек ардагерлері.