Көпбалалы аналар марапатталды

Ел Президентінің 2021 жылғы 2 маусымдағы №588 Жарлығымен Атырауда 5 ана «Алтын алқа» және 19 ана «Күміс алқа» иегері атанды.

Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және Елорда күніне орай ұйымдастырылды.

Марапаттау рәсімін өткізген қала әкімінің міндетін атқарушы Самат Жұмабайұлы мен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хамза Ғабдолла аналарды арнайы құттықтап, өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесіне қосып отырған үлкен үлесі үшін өз алғыстарын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT