Көпбалалы аналарға қолдау қажет

«Атаулы әлеуметтік көмек төлеміне енгізілген жаңашылдықтарға сәйкес, көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы енді олардың табысына қатысты болмайды» деген екен министр.

Жалпы бізде, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек орташа табысы жан басына шаққандағы белгіленген кедейлік шегінен аспайтын отбасыларға шартты және шартсыз көмек ретінде беріліп келеді. Ендігі өзгерісті жаңа заң қабылданған соң көретін боламыз.

Өз басым, бұл дұрыс көтерілген мәселе деп білемін. Жағдайына қарамастан, көпбалалы анаға үкімет тұрақты жәрдемақы тағайындауы тиіс. Өйткені, халық санын көбейтуге үлес қосқан әр ана мемлекеттен жан-жақты қолдау табуы қажет.

Орынгүл Ердәулетова,

Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT